Каталониялық «Барса» 29 сәуір мен 1 мамыр аралығында футзалдан Чемпиондар лигасының «Төрттік финалы» өтетін Рига қаласына жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футзалдан Еуропаның басты клубтық турнирінің қазіргі жеңімпазы «Рига Арена» алаңында алғашқы жаттығуы мен ресми фотосессиясын өткізді. Каталониялық клубтың медиа қызметі команданың Латвия астанасында болған алғашқы күні туралы бейнеролик дайындады.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының жартылай финалында «Барса» португалиялық «Бенфикамен» кездеседі. Матч Қазақстан уақытымен сәуірдің 29-нан 30-на қараған түні өтеді.