28 сәуірде Семейде волейболдан клубтар арасындағы Азия чемпионатының төртінші ойын күніндегі матчтар өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үш турдан кейін өскемендік «Алтай» үш мәрте жеңіске жетіп, көш бастап келеді. Таиландтық «Дайамонд Фуд», ирандық «Баридж Эссенс»» және петропавлдық «Қуаныш» командаларында екі жеңістен бар.

Төртінші ойын күніндегі матчтардың тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасы көрсетеді.

Ойын кестесі (Нұр-Сұлтан уақытымен):

11:00. «Diamond Food-Fine Chef Sport Club» (Таиланд) – «Kyrgyzstan» (Қырғызстан)14:00. «Barij Essence» (Иран) – «Altay» (Өскемен)17:00. «Kuanysh» (СҚО, Қазақстан) – «Jizzakh State Pedagogical Institute» (Өзбекстан).