«Ақтөбе» бас бапкер Владимир Мухановтың қызметтен кеткенін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ақтөбелік клубтың басқарма төрағасы Ерлан Жамантаев маманды қызметінен босату туралы шешім қабылдады. Бас бапкер қызметін Петр Бадло атқарады. Бұл ақпаратты клуб басшысы да растады.

«Ақтөбе» Владимир Васильевичке командамызбен бірге қол жеткізген табыстары үшін алғысын білдіреді және оған алдағы жаттықтырушылық мансабында сәттілік тілейді!