ThaBoxingvoice британдық тілшісі Ра Хокум орта салмақтағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына (11-0, 7 КО) титулдық жекпе-жекті Ұлыбританияда өткізу туралы ұсыныспен жүгінді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Егер сіз чемпион болсаңыз, титулыңызды қорғау үшін Ұлыбританияға келіңіз. Орта салмақтағы спортшылар бар, олармен футбол стадионын жинай алатын үлкен жекпе-жек ұйымдастыруға болады», - деп жазды журналист Twitter-де.

Бұған Жәнібек: «Мәселе жоқ» деп жауап берді.

Еске салайық, 21 мамырда Лас-Вегаста қазақстандық орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша уақытша титулы үшін британдық Дэнни Дигнумға қарсы жұдырықтасады.