Шымкенттіктердің қақпашысы «Ордабасы» - «Қайрат» ойынына (2:1) пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz.– Жалпы кездесу оңайға соқпады. Менің ойымша, бұған біздің үш күн бұрын ғана матчқа шыққанымыз кінәлі, бұл өте қиын. Бүгін сәттілік бізге серік болды деп ойлаймын, алайда, алаңда соңына дейін күрескен әріптестерімді де атап өтпеуге болмайды. Сонымен қатар, жанкүйерлерімізге үлкен алғысымды білдіремін, бұл өте керемет қолдау болды!