«Манчестер Ситимен» УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалдық кездесуінде (3:4) екі рет гол соққан «Реал Мадридтің» француздық 34 жастағы шабуылшысы Карим Бензема турнир рекордсмені атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Челсиге» қарсы хет-трик пен «Манчестер Ситиге» қарсы дубльден кейін Кәрім Бензема Чемпиондар лигасы тарихындағы плей-офф ойындарында бір маусымда бір елдің клубтарына сырт алаңда бес гол соққан алғашқы ойыншы болды.

Бензема осы маусымда «Реал Мадрид» сапында барлық турнирлерде 41 матчқа қатысып, 41 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді.