Қазақстан ауыр атлетика федерациясы ел чемпионатының командалық есептегі жеңімпазын атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

ерлер арасында жалпыкомандалық есепте Шығыс Қазақстан облысы көш бастады - 238 ұпай. Екінші орында Қарағанды облысы - 219 ұпай. Үздік үштікті Қызылорда облысы қорытындылады (216 ұпай).

Әйелдер арасында Алматы облысы жеңіске жетті - 285 ұпай. Күміс жүлде Қызылорда облысында қалды (252 ұпай). Үшінші орынды Алматы қаласының командасы иеленді - 185 ұпай.