Ұлыбританиялық боксшы Дэнни Дигнум (14-0,1, 8 КО) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (11-0, 7 КО) жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Boxingscene.com сайтына сілтеме жасап.

«Мен орта салмақта WBO тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы атағы үшін Жәнібекпен жекпе-жекке шығатыныма өте қуаныштымын. Лас-Вегастағы шоудың хэдлайнері болу арманым орындалды. Осы жылдардағы барлық құрбандық осы күнге жетуіме себепші болды. Мен өз күшіме өте сенімдімін және Resorts World-қа бұл титулды жеңіп алу үшін барамын», - деді 30 жастағы боксшы.

Кездесу 21 мамырда Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді.

Фото boxingnewsonline.net