26 сәуірде Семейде волейболдан клубтар арасындағы Азия чемпионатының үшінші ойын күніндегі матчтар өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екі турдан соң өскемендік «Алтай» мен ирандық «Баридж Эссенс» көш бастап тұр, бұл командалар екі ойында да жеңіске жеткен. Солтүстікқазақстандық «Қуаныш» пен таиландтық «Даймонд Фуд» бір реттен жеңген.

Үшінші ойын күнінің кестесі (Нұр-Сұлтан уақытымен):

11.00. «Barij Essence» (Иран) – «Diamond Food-Fine Chef Sport Club» (Таиланд)

14.00. «Kuanysh» (СҚО, Қазақстан) – «Kyrgyzstan» (Қырғықстан)

17.00. «Jizzakh State Pedagogical Institute» (Өзбекстан) – «Altay» (Өскемен, Қазақстан)

Матчтардың тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасы көрсетеді. Эфирді мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.

Фото volley.kz