Top Rank промоутерлік компаниясы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегіне ресми анонс жасады.

Әлімханұлы WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы уақытша чемпиондық белбеу үшін британиялық боксшы Дэнни Дигнуммен (14-0-1, 8 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жек 21 мамырда Лас-Вегаста өтеді.