UFC президенті Дана Уайт ирландиялық файтер Конор Макгрегордың октаганоға қашан оралатынын айтты, деп жазады Prosports.kz.

Оның айтуынша, спортшы кәсіпқой турнирге қатысуға әлі дайын емес, сондықтан ұйым қазірше оған қарсылас қарастырмайды.

«Ол қазір жекпе-жекке дайын емес. Сондықтан ол толық дайын болған кезде көреміз. Дәрігер оған 100% рұқсат бергенде, біз онымен жекпе-жек өткізуге ықтимал қарсыластары қарастыра бастаймыз», - деп келтіреді Уайттың сөзін The Sun.

Айта кетейік, МакГрегордың кейінгі жекпе-жегі былтыр 11 шілдеде UFC 264 турнирі аясында өтті. Кештің басты жекпе-жегінде Конор америкалық Дастин Порьемен кездесті. Макгрегор аяғын сындырып алып, қарсыласы жеңіске жетті. Содан бері ирландиялық спортшы сегізбұрышқа шыққан жоқ.