Ресей премьер-лигасының 26-туры аясында мәскеулік ЦСКА мен «Динамо» кездеседі, деп жазады Prosports.kz.

Матч Мәскеудегі «ВЭБ Арена» стадионында өтеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 22:30-де басталады.

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов қосалқы құрамда қалды.

ЦСКА: Акинфеев, Фернандес, Дивеев, Бийол, Щенников, Обляков, Гбамен, Медина, Карраскаль, Языджи, Заболотный

«Динамо»: Шунин, Лаксальт, Евгеньев, Бальбуэна, Варела, Моро, Фомин, Шиманьски, Захарян, Макаров, Смолов.