«Тұран» ФК қақпашысы Ержан Токотаев клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының 7-туры аясында өткен «Қайратқа» қарсы матч (0:1) туралы пікір білдірді.

- Ержан, алғашқы жеңіс құтты болсын! Қандай сезімдесіз?

- Өте қуаныштымын, көптен күткен жеңіс. Жеңіссіз сериямызды тоқтатқанымыз үшін өте қуаныштымын. Жоғары деңгейдегі ойын көрсеттік. Жеңіске лайық болдық деп ойлаймын.

- Қақпаны «бос» ұстау сіз үшін қаншалықты маңызды болды?

- Мен үшін қақпаны бос ұстау әркез маңызды. Өйткені қақпамызға гол жібермесек - жеңілмейміз.

- Сіз керемет матч өткіздіңіз, көп сейв жасадыңыз, қақпаны құрғақ ұстадыңыз. Сізді матч қаһарманы деуге бола ма?

- Өзімді матчтың қаһарманы деп айта алмаймын. Барлық команда, бапкерлер, әкімшілік штаб - бәрі қаһарман. Біз команда болып жеңіске жеттік!

Осы сәтті қолдана отырып, Түркістаннан матчқа арнайы келген жанкүйерлерімізге үлкен алғысымды айтамын. Біз олардың қолдауын сезіндік. Олар бізді жігерлендіріп отырды. Сондықтан көп рахметімді айтамын. Олардың қолдауы біз үшін әркез қуаныш.

- Стадионда сіздің жеке жанкүйерлеріңіздің болғанын көрдік. Олар Алматыға Қырғызстаннан келді ме?

- Иә, матчқа жақын достарым болды. Олар бізді қолдау үшін Бішкектен келді. Оларды трубинадан көріп, қуанып қалдым.