The Ring журналының редакторы Том Грей орта салмақтың рейтингіндегі қазіргі жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Геннадий Головкин Риота Муратты тоғызыншы раундта нокаутқа түсіріп, IBF және WBA титулдарын алғаннан кейін бірінші орында қалды. Мурата өз кезегінде жетінші орынға төмендеді.

«Мұратаның кіші Крис Юбанк пен Жәнібек Әлімханұлынан төмен түскені әділетсіз сияқты, бірақ нокаут ол - нокаут, сондықтан жетінші орын дұрыс көрінеді», - дейді Грей.

Айта кетейік, Геннадий Головкин The Ring-тің орта салмақтағы рейтингінде бірінші орында, ал Жәнібек Әлімханұлы алтыншы орында тұр.