Ауыр салмақта WBC тұжырымы бойынша чемпион Тайсон Фьюри Диллиан Уайтты жеңгеннен кейін мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол жекпе-жектен кейін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен әйеліме 14 жыл өнер көрсеткеннен кейін рингке оралмаймын деп уәде бердім», - деп айтты спортшы.

Жекпе-жек Лондондағы Уэмбли стадионында өтті. 33 жастағы британдық Фьюри үшін бұл бір тең есеппен 32-ші жеңіс болды.

Ол Уайтты нокаутқа түсіріп, WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды.