«Барыс» хоккей клубы қорғаушылар Әділ Бекетаев пен Егор Шалаповпен, сондай-ақ шабуылшылар Кирилл Савицкий және Антон Сагадеевпен келісім-шарттарын ұзартқанын ресми түрде хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

Хоккейшілер бір маусымға (2023 жылдың 30 сәуіріне дейін) екіжақты келісімдерге қол қойды.

Әділ Бекетаев «Барыс» жүйесін өткен жазда толықтырды. Қорғаныс ойыншысы маусымның көп бөлігін «Номадта» өткізді. Қазақстанның тұрақты маусымында Әділ 29 матч өткізіп, 20 (9+11) ұпай жинады. Pro Ligasy плей-офф кезеңінде Бекетаев 11 кездесуде 8 (1+7) ұпай жинады. 2022 жылдың 9 наурызында хоккейші Құрлықтық хоккей лигасында дебют жасады.

Егор Шалапов 2016 жылдан бері клуб жүйесінде. Өткен маусымда қорғаушы «Барыстың» ҚХЛ-дағы 47 кездесуінде (оның ішінде 4-і плей-оффта) мұз айдынына шығып, 5 (1+4) ұпай жинаған.

Кирилл Савицкий «Барысқа» 2021 жылдың жазында оралып, ҚХЛ-дағы алғашқы маусымын өткізді. Осы уақыт ішінде ол 46 кездесу өткізіп (оның ішінде 5-еуі плей-оффта), 18 (6+12) ұпай жинады.

Антон Сагадеев өткен маусымды «Локомотивте» бастады, бірақ кейін «Барысқа» оралуды ұйғарды. Өткен маусымда қазақстандық команда сапында 20 ойында (оның ішінде 5-еуі плей-офф кезеңінде) шабуылшы үш гол соқты.