Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Ыстамбұлда (Түркия) WTA 250 сериясындағы турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші айналымда Юлия ол аустралиялық Айла Томляновичті үш сетте жеңді - 5:7, 6:2, 6:4.

Матч 2 сағат, 45 минутқа созылды.

Еске салайық, екінші айналымда Путинцева швециялық Ребекка Петерсонды 6:2, 6:0 есебімен жеңген болатын.