YouTube-тегі TMZSports каналында бокстан ауыр салмақта әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы Майк Тайсон ұшақта біреуді ұрған сәтінің видеосы тарады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Майк ұшақта жолаушылардың біріне жұдырық жұмсаған. Оқиға 20 сәуірде болған.

Тайсон Сан-Францискодан Флоридаға ұшып бара жатқан. Рейс алдында Майк жанкүйерлерімен суретке түскен. Ұшақта оның артында отырған жігіт Тайсонның мазасын алып, жиі сұрақ қойған. Жігіт Тайсонның ескертуіне құлақ аспаған соң боксшы оны бірнеше рет ұрған.