Артем Захаров пен Рината Сұлтанова тректегі велоспорттан Ұлттар кубогына қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі kcfkz сайтына сілтеме жасап.

22 сәуірде Рината Сұлтанова іріктеуден өтеді. Финал да сол күні өтеді.

Ертең Артем Захаров 4 шақырымға жекелей жарыста бақ сынайды.

23 сәуірде Рината Сұлтанова омниумда өнер көрсетеді.

Артем Захаров 24 сәуірде омниумда жүлдеге таласады.

Ұлттар кубогы 21-24 сәуір арасында Глазгода өтеді.