Үндістанның Нью-Дели қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында командалық әлем чемпионаты Азия/Тынық мұхит аймағы іріктеу турнирінің топтық бәсекелері аяқталды.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, бүгін қазақстандық қыздар D тобында Өзбекстан құрамасын 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша өз тобындағы қарсыластарының бәрін жеңген Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ширек финалға бірінші орынмен жолдама алды.

Қазақстандықтар ертең жартылай финалға шығу үшін Үндістан құрамасымен таласады. Корт иелерімен өтетін матчтың оңайға соқпайтыны анық.