«Тұранның» 25 жастағы жартылай қорғаушысы Максим Федин алдағы премьер-лиганың жетінші турында «Қайратқа» қарсы ойынға шықпайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Премьер-лиганың алтыншы турындағы «Ордабасыға» қарсы ойында (0:0) Максим Федин 68-минутта ауыстырылып, екі минуттан кейін алаңға шыққаны үшін екінші рет ескерту алып, алаңнан қуылды.

Ол алдағы «Қайратпен» өтетін матчқа қатыспайды.

Максим Федин осы маусымда бес матч өткізді.

Еске салайық, бұл матчқа «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Арсен Буранчиев те қатыса алмайды.