20 сәуірде Петропавлда хоккейден Қазақстан чемпионатының финалындағы Көкшетаудың «Арланды» мен қарағандылық «Сарыарқа» арасындағы үшінші кездесу өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қарағандыда өткен финалдық текетірестің алғашқы екі матчынан кейін сериядағы есеп – 1:1.

«Арлан» – «Сарыарқа» сериясының үшінші матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:00-де басталады.