Футболдан үш дүркін әлем чемпионы Пеле тағы да ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөздің хабарлауынша, 81 жастағы бразилиялық Сан-Паулудағы бұрын өзі ем қабылдаған Альберт Эйнштейн клиникасына жеткізілді.

Белгілі болғандай, Пеле дәрігерлердің бақылауында, оның өміріне қазір қауіп төніп тұрған жоқ.

Айта кетейік, 2021 жылы қыркүйекте Пелеге операция жасалған болатын.