Бүгін 154,1 шақырымды құрайтын «Альпі туры» көпкүндік веложарыстың екінші кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Астананың» америкалық велошабандозы Джо Домбровски мәреге 11-ші болып жетті.

Бұған дейін «Астана» сапында өнер көрсеткен испаниялық Пелло Бильбао мәреге бірінші жетті. Екінші орынды француз спортшысы Ромен Барде алды. Үшінші орыннан венгриялық Аттила Вальтер көрінді.