Бұрынғы әлем чемпионы Шон Портер қазіргі сәтте жартылай орта салмақтағы ең үздік боксшыны атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның айтуынша, аталған салмақта WBO титулының иегері Теренс Кроуфордқа тең келетін боксшы жоқ.

«Қазір жартылай орта салмақтағы ең үздік боксшы – Теренс Кроуфорд. Ол мен бұрын-соңды рингке шыққан кез келген қарсыластан мықты. Эррол Спенс те мұны растайды деп ойлаймын», - деді Портер.