Аса жеңіл салмақта UFC чемпионы, америкалық Алджэмейн Стерлинг ресейлік Петр Янмен үшінші рет кездесуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Егер ол есепті 0:3 қылып, үшінші рет жеңілгісі келсе, қайталай аламыз. Оның нәтижелеріне қарасаңыздар, үш жеңілісінің екеуі менен екенін көресіздер, сондықтан ол тағы бір рет жеңілгісі келсе, ұйымдастыра аламыз», - деді файтер.

Еске салайық, Стерлинг пен Ян жекпе-жегі 10 сәуірдегі UFC 273 турнирінде өтіп, Алджэмейн чемпиондық белбеуін қорғап қалған.