Кейінгі уақытта бокс жанкүйерлері қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын аңызға айналған отандасы Геннадий Головкинмен жиі салыстырып жүр. Осыған байланысты Әлімханұлы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Боксшыға мұндай салыстырулар ұнамайтын секілді.

«Бәрі мені Қазақстаннан шыққан жаңа Головкин дейді. Мен жаңа Головкин емес екенімді айтқым келеді. Мен - Жәнібекпін. Мен - қазақ стилімін! Менің стилім басқаша. Менің тарихым басқаша!», - деп жазды ол Твиттерде.

Еске салайық, 21 мамырда Лас-Вегаста Жәнібек Әлімханұлы мен ұлыбританиялық Дэнни Дигнум жұдырықтасады.