Бірінші жартылай орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Әмір Ханды белгісіз біреулер тонап кеткен, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жаңа ғана Шығыс Лондонда тапанша ұстаған біреулер сағатымды тартып алды. Мен Фарьялмен (боксшының әйелі - авт.) бірге жолдан өтіп бара жатқанмын. Бақытымызға орай, әйелім менің артымда келе жатқан. Екі адам жүгіріп келді де, бетіме тапанша тақап, сағатымды алып кетті. Ең бастысы екеуміз де аманбыз», - деп жазды Хан.