Мадридтік «Реал» Испания чемпионатында жеті ұпай иеленсе, ел чемпионы атанады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кеше екінші орындағы «Барселона» өз алаңында «Кадистен» жеңіліп, 32-турдан соң «Реалдан» 15 ұпайға қалып қойды. Бірақ каталониялықтар бір матчқа кем өткізген.

Енді «Реал» осы маусымдағы соңғы алты матчта жеті ұпай иеленсе, Ла Лигада топ жарады.

Бұл жағдайда «Реалдың» бас бапкері Карло Анчелотти Еуропаның топ-5 лигасында жеңіске жеткен алғашқы маман болады.