Қазақстан құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Андрей Карпович ұлттық команданың тізгінін ұстамайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан футбол федерациясы басқа мамандармен келіссөз жүргізіп жатыр.

ҚФФ шешімі құраманың бапкерлік штабына айтылған.

Андрей Карпович команда тізгінін УЕФА Ұлттар лигасындағы Молдоваға қарсы алғашқы матчқа екі апта қалғанда ұстаған. Екі матчтың қорытындысы бойынша қазақстандықтар С дивизионында қалған еді.