«Манчестер Юнайтед» пен Португалия құрамасының футболшысы Криштиану Роналду жаңа туған ұлы шетінеп кеткенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футболшы мен оның сүйіктісі Джорджина Родригес егіз күтіп жүрген — ұл мен қыз. Қызы дүниеге келсе, ұлы шетінеп кеткен.

«Сәбиіміз қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз. Бұл - кез келген ата-ана үшін ең ауыр қайғы. Дүниеге келген қызымыз осы сынақты еңсеруге күш беред», - деп жазды Роналду Instagram-парақшасында.

Роналду мен Родригес 2016 жылдан бері бірге. Джорджина 2017 жылы қарашада Роналдуға қыз сыйлаған. Сонымен қатар, футболшының суррогат атаналардың үш баласы бар.