Бүгін түнде Нұр-Сұлтанға Вальбуэна Рауль Кано келеді. Оған Қазақстан футбол федерациясы ел құрамаларының барлық сараптамасын жасауды тапсырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жоқ, бұл Қазақстанның бас командасының болашақ бас бапкері емес – бұл ҚФФ жаңа басшылығының идеясына сәйкес нәтижелерді жақсарту үшін мәліметтер мен қажетті білімді жүйелеуге жауапты маман.

46 жастағы Вальбуэна Рауль Кано - бұрын «Мальорка», «Альбасете», «Сарагоса» және мадридтік «Реал» сияқты атақты клубтардың намысын қорғаған өте танымал қақпашы.

Бірақ қазақстандық жанкүйерлер үшін Вальбуэна Рауль Кано «корольдік клуб» қатарынан үш жыл Чемпиондар лигасын жеңіп алған кезде Зинедин Зиданның бапкерлік штабында талдаушы болып жұмыс істегені әлдеқайда маңыздырақ болмақ.

Қазақстан құрамасының бас бапкеріне келер болсақ, ҚФФ бірнеше үміткердің арасынан таңдау жасап, алдағы күндері шешім шығарады.