Елордада грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Елорда бозкілемінде грек-рим күресінің шеберлері 2-6 мамыр күндері белдеседі. Халықаралық додаға 20 жасқа дейінгі балуандар қатысады.