Nur-Sultan Cycling Team командасының қазақстандық велошабандоздары кейриннен Гентте (Бельгия) өткен Belgian Open Track meeting халықаралық турниріне қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жарыста қазақстандық Андрей Чугай 160 ұпаймен қола медаль иеленді. Ол француз Себастьян Вижье (200 ұпай) мен грекиялық Сотириос Бретастан (180 ұпай) ғана қалып қойды.

Қазақстандық Сергей Пономарев (70 ұпай), Дмитрий Резанов (40) және Александр Сафаров (1), тиісінше, 13, 19 және 31-орындарды алды.