Бирмингемде жас боксшы Али Тазеем көлік апатынан қайтыс болды. Ол 18 жаста еді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы боксшының промоутері Сэм Джонс Twitter-дегі парақшасында хабарлады:

«Бүгін таңертең Али Тазимнің 18 жасында қайтыс болғаны туралы хабарды естідім. Мен сенбей отырмын. Біз кеше ғана оның қалай кәсіпқой деңгейге көтерілетіні жайлы сөйлескен едік... Менің барлық ойым Әли мен оның сүйікті отбасында».

Ұлыбританияда Тазеем өсіп келе жатқан бокс жұлдызы саналды. Әуесқойлық мансабында ол 51 жекпе-жек өткізіп, түрлі турнирлерде 15 алтын медаль алған.