Таиландтағы ITF W25 Chiang Rai 2 турнирінде жұптық сында өнер көрсеткен қазақстандық Гөзал Айнитдинова чемпион атанды.

Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген Г.Айнитдинова ресейлік Мария Тимофеевамен бірге төрт кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Қазақстандық-ресейлік жұп финалда жапониялық Момоко Кобори – таиландтық Луксика Кумхуммен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда жапониялық-таиландтық жұп 6:2 есебімен басым түссе, екіншісінде Айнитдинова мен Тимофеева есе қайырды – 7:5. Сосын супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 10:4. Г.Айнитдинова осы додада жекелей сында ширек финалға дейін жетті.