Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы келесі жекпе-жегі жайлы мәлімдеме жасады.

«Келесі жекпе жегім, Алла бұйырса WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы кубалық Дэвид Моррелге қарсы өту керек. Өйткені мен осы версия бойынша әлем чемпионы белбеуіне міндетті үміткермін.

Үлкен жекпе-жек болған соң бәрі оңай шешіле салмайды. Біраз уақыт болды қарсыласымыздан жауап күтіп жүрміз. Әзірге тыныш боп тұр, бірақ міндетті түрде жауап берері хақ. Ол дайын болса, біз дайын» деп жазды спортшы Instagram парақшасында.