«Реал Мадрид» басшылығы ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппенің жазда «корольдік клубқа» ауысатынына сенімді, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы ESPN жазды.

Дереккөздің хабарлауынша, Мбаппе «Реалдың» ойыншысы болуды шешіп қойған, бірақ өз шешімін маусым соңында ғана жариялайды.

Еске салайық, Франция президенті Эммануэль Макрон Килианды ПСЖ-да қалуға жеке өзі көндірді.

Осы маусымда 23 жастағы Килиан Мбаппе париждіктер сапында барлық турнирлерде 39 матчқа қатысып, 31 гол соғып, 22 нәтижелі пас берді. Оның клубпен келісімшарты маусым айында аяқталады.