Қазақстан құрамасы жасөспірімдер Дэвис кубогы іріктеуінің Азия аймақтық кезеңінің финалына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда қазақстандықтар Үндістан құрамасынан 0:2 есебімен ұтылды. Ертең команда Австралия құрамасымен үшінші орын үшін матч өткізеді.

Жеңіске жеткен жағдайда Қазақстан жастар құрамасы алғаш рет командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шығады.