Нью-Делиде жасөспірімдер арасында командалық әлем чемпионаты іріктеу сайыстарының топтық кезеңі мәреге жетті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.Еліміздің жас теннисшілері D тобында соңғы матчын Таиланд құрамасымен өткізіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өз тобынан 1-орынмен ширек финалға жолдама алды. Ертең қазақстандықтар жартылай финалға шығу үшін Оңтүстік Кореямен таласады.

Жасөспірімдер арасында Дэвис кубогының (әлем чемпионаты) финалдық кезеңіне тек үш команда ғана жолдама алады. Сондықтан, алға қойған мақсатқа жақындай түсу үшін ертең тек жеңіс керек. Бұдан бұрын қазақстандықтар өз тобында Вьетнам мен Шри-Ланкадан айласын асырған болатын.