Қазақстандық теннисші Денис Евсеев түркиялық Алтуг Челикбилекпен жұптасып Мадридте (Испания) өтіп жатқан «Челленджердің» ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олар қазақстандық Григорий Ломакин мен өзбекстандық Санжар Файзиевті үш сетте жеңді. 1 сағат 27 минутқа созылған 7:6, 5:7, 10:7 есебімен аяқталды.

Келесі айналымда олар уругвайлық Пабло Куэвас және аргентиналық Гильермо Дуран жұбымен кездеснді.