Нью-Делиде жасөспірімдер арасындағы командалық әлем чемпионатының Азия аймағының іріктеу кезеңінің топтық кезеңінің матчтары аяқталды. Біздің жігіттер бүгін Тайланд құрамасын 2:1 есебімен жеңіп, бірінші орыннан ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ертең қазақстандықтар жартылай финалға шығу үшін Оңтүстік Корея құрамасымен ойнауы керек.

Жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогының соңғы кезеңіне үш команда ғана жолдама алады. Межеге соңғы қадам жасау үшін ертең қазақстандықтар міндетті түрде жеңіске жетуі керек.

Бұған дейін біздің ойыншылар Вьетнам мен Шри-Ланка құрамаларын ұтқан болатын.