Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик ATP сериялы Монте-Карло Ролекс Мастерс турнирінің 1/4 финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші айналымдағы кездесуде Бублик испаниялық Пабло Каррено-Бустамен (әлемнің 19-шы ракеткасы) кездесті. Есеп 6:4, 6(3):7(7), 3:4 кезде Александр ойынды жалғастырудан бас тартты.

Матч бір сағат 41 минутқа созылды.

Еске салайық, қазақстандық бірінші айналымда әлемнің экс-үшінші ракеткасы швейцариялық Стэн Вавринканы ұтқан.