«Ақжайық» командасы армениялық жартылай қорғаушы Завен Бадоянның командаға ауысқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

32 жастағы жартылай қорғаушы «Киликия» клубының түлегі. Батысқазақстандық командаға ауыспас бұрын Бадоян туған жерінде өнер көрсетті.

Бұған дейін ол «Гандзасар», «Бананц», «Алашкерт», «Арарат» және белорусиялық «Гомель», «БАТЭ», ливандық «Шабаб аш-Шахл» сияқты клубтарда өнер көрсеткен.

Завен Бадоян Беларусьтің екі дүркін және Арменияның үш дүркін чемпионы, сондай-ақ Беларусь кубогының екі дүркін және Армения кубогының үш дүркін иегері.

Transfermarkt мәліметінше, Бадоянның трансферлік құны 150 000 еуроны құрайды.