Қазақстан құрамасының теннисшілері 15 және 16 сәуірде Нұр-Сұлтанда өтетін Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңіндегі Германия құрамасына қарсы ойынға дайындықты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесуге екі күн қалғанда жекелей және жұптық сында еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен Анна Данилина спарринг өткізді. Юлия Путинцева мен Зарина Дияс жеке бапкерлерімен жаттығу жасады.

Қазақстандық теннисшілердің жаттығуларының видеосы Қазақстан теннис федерациясының Instagram аккаунтында жарияланды.

Фото Андрей Ударцев, ktf.kz