Түнде футболдан Чемпиондар лигасында жартылай финалға шыққан екі команда анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Азулы «Бавария» турнир аутсайдері саналған «Вильярреалдан» айла асыра алмады. Испаниядағы матч 1:0 есебімен Унаи Эмери командасының пайдасына аяқталған. Қарымта матчта қос команда 1:1 ойнап, келесі кезеңге «Вильярреал» жолдама алды.

Тағы бір жұпта да сенсация тіркелуге аз қалды. «Челси» апта бұрын өз алаңында мадридтік «Реалдан» 1:3 есебімен ұтылып қалған. Мадридтегі екінші матчта Томас Тухель шәкірттері түрленіп шыға келді. Матчтың сексенінші минутына дейін лондондықтар 3:0 ұтып, жартылай финал билетін қалтаға салып тұрған. Алайда «Реал» ойыншысы Родриго бір гол соғып, матчты овертаймға жалғастырды. Қосымша жарты сағатта Кәрім Бензама «патшалық клубтың» екінші добын соғып, командасын 1/2 финалға алып шықты.

Бүгін «Ливерпуль» - «Бенфика», «Атлетико Мадрид» - «Манчестер Сити» матчтары өтеді.