Пьештаны қаласында (Словакия) шайбалы хоккейден 2022 жылғы әлем чемпионатының бірінші дивизионының А тобындағы ойыны өтіп, онда 18 жасқа дейінгі Қазақстан мен Франция құрамалары кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жерлестеріміз 2:4 есебімен ұтылып қалды. Француздар қатарынан Лорис Шовин (36-минут), Ноа Гонсалвес-Нивелаес (38-ші), Маттис Шапуис (56-шы) және Эмиль Тавернье (57-ші) шайбы соқса, Қазақстан сапынан Роман Ермак (29-шы) пен Артем Авдеенко (57-ші) көзге түсті.

Қазақстан жастар құрамасы үшін бұл турнирдегі екінші жеңіліс болды: бұған дейін құрама Норвегиядан 2:9 есебімен жеңілген болатын.

Сондай-ақ А тобында Словакия, Дания және Жапония құрамалары бар. Бірінші және екінші орын алған командалар жоғарғы дивизионға шығады, ал аутсайдер төмендетіледі (I дивизион, В тобы).