Ақтөбеде жергілікті «Ақтөбе Сити» мен Талдықорған «Жетісу» командалары арасындағы Қазақстан кубогы-2022 алдын ала кезеңінің екінші турының ойыны аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесудің негізгі және қосымша уақыты 0:0 есебімен тең аяқталып, келесі кезеңге жолдама тағдыры пенальти сериясында «Жетісу» футболшыларының пайдасына шешілді – 3:2. Талдықорғандықтар негізгі кезеңге жолдама алды.

Ақтөбе Сити (Ақтөбе) - Жетісу (Талдықорған) 0:0, пен. 2:3 (0:0, 0:0)