Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) алдағы жекпе-жегіне АҚШ-та дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жерлесіміз WBA Regular титулының иегері, америкалық Давид Моррелмен кездесуге дайындалуда.

Спортшы Инстаграм парақшасында жаттығу сәтінен видео жариялады.Айта кетейік, Ербосынұлының жаттығуы Калифорния штатының Сан-Диего қаласында мексикалық атақты боксшы Сауль «Канело» Альвареспен бір жаттығу залында өтіп жатыр.