Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Жапония спорт агенттінің арнайы уәкілі Кодзи Мурофусимен кездесті, сообщает Prosports.kz.

«Жапония спорт агенттігінің арнайы уәкілі Кодзи Мурофуси мырзамен кездескеніме қуаныштымын. Қонақжайлық пен барлық қолдауларыңыз үшін рақмет», – деп жазды боксшы Instagram парақшасында.

Кодзи Мурофуси - тоқпақ лақтыруға маманданған жапон жеңілатлеті. 2004 жылы Олимпиада чемпионы, 2011 жылы әлем чемпионы атанған.

Еске салайық, 9 сәуірде Сайтамада (Жапония) Геннадий Головкин жергілікті Риота Муратаны тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.